
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына.
Меншік құқығында Қазақстан Республикасында тiркелген және есепте тұрған көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.
Көлік үшін салық сомасы қозғалтқышының көлемі, жүк көтергiштiгі, отыратын орындардың саны, қозғалтқышының қуатына байланысты айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген ставкалар бойынша есептелінеді.
Салық төлеушi ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 492 бабына сәйкес, салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.
Осымен бірге, салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күнінең есептелінген төленетін соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаның дербес шотында салықтық берешек пайда болатының мәлім етеміз. Оны өндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар жұмыстар жүргізіледі.
Осылайша, салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етіледі, хабарламаны ерікті түрде орындау - отыз жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
Бұл ретте электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама веб-қосымшаға және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын салық төлеушіге қолданылады.
Сонымен қатар, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме заңмен белгіленген мерзімде орындалмаса, жеке тұлғаға салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, егер борышкер белгіленген мерзімде орынды себептерсіз атқару құжаттарында қамтылған талаптарды орындамаса, сот орындаушысы ҚР кетуіне уақытша шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал өндіріп алушының арызы бойынша қаулы шығаруға міндетті.
Сондай-ақ, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 24 бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, салықтық берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Қарыздың бар-жоғын келесі жолдармен білуге болады:
1. Еgov электрондық үкімет порталында;
2. ҚР ҚМ МКК kgd.gov.kz порталында онлайн-режимде;
3. Kaspi.kz, Homebahk (Халықбанк) қосымшалар арқылы;
4. E-Salyq Azamat қосымша арқылы;
5. Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша