Date of publication: 17.10.2016 17:41
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Ол туралы мүлік пен капиталды жария ету бойынша мемлекетпен өткізіліп жатқан кең ауқымды Жарна  барысында белгілі болды.

Осылайша, соңғы екі жылда республикамызда заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлік пен ақшаны жария ету бойынша белсенділікпен Жарна өткізілуде.

Осы Жарнаның тәртібің, артықшылықтарын тұрғындарға жеткізу үшін, жария етуге шақыру мақсатымен мемлекеттік кірістер органдарымен көптеген іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда: жария ету бойынша материалдар мен ақпараттар баспа құралдарында жарияланды, әлеуметтік желілерде орналастырылды, семинарлар өткізілді, теледидардан сюжеттер, сұхбаттар, көрсетілімдер беріледі. 

Тұрғындарға мүлік пен ақшаны жария етуді жеткізудің осындай бір әдістері болып, а.ж. 10 қазанында Өскемен қ. ҚАЕУ студенттерінің қатысуымен флешмобтың өткізілуі болды.

Осындай тәсілмен, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті және Өскемен қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жарнаның аяқталуына 3 айдан аз уақыт қалғанына назар аударады.  

Өскеменнің жастары  және мемлекеттік кірістер органдары тұрғындарды Заңның күштілігіне сенуге және белесенділік таңытуға шақырады, неге десек, жария ету тек ҚР аумағындағы ақша қаражаттары мен мүлікпен қоса, одан тыс орналасқандарды да заңдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, 10%-дық  алым тек шет елдегі мүлікті заңдастырғанда және шотқа ақшаны салмай көрсеткенде төленеді. 

Сандар жағына келетін болсақ, 10 қазандағы қалыпқа ШҚО мемлекеттік кірістер органдарына шет елдегі мүлік пен ақшаны жария етуге 45 декларация табыс етілді.  

Оның ішінде жалпы құны 8 млн. 874 мың теңгеге шет елдегі 3 жылжымайтың мүлік заңдастырылды (1 – Түркияда, 2 - Болгарияда), ШҚО аумағында орналасқан, басқа тұлғаға ресімделген сомасы 9млн. 900 мың теңгені  құрайтын 11 объект жария етілді.

Банктегі шотқа аудару арқылы 31 жеке тұлғамен 4 млрд. 496 млн. 788 мың теңге заңдастырылды, оның ішінде  Риддер қ. бойынша - 215 млн. теңге,  Өскемен қ. - 882 млн. 209 мың теңге  және Семей қ. - 3 млрд. 399 млн. 579 мың теңге.

Көрсетілген жария ету субъектілері тәжірибе жүзінде Жарнаның қолжетімділігіне көздері жетті, өткізіліп жатқан кампанияға сенім білдіріп,  «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша» Заңының нормаларына және күшіне иланды.

Енді, сәйкесінше, олар Заңмен жақталып, өз мүліктері мен капиталдары үшін қобалжымайды, қандай да бір мүлкінің пайда болу заңдылығы жөнінде сұрақ туындамайды және жария ету субъектілерінің пайдасына кепілдіктер беріледі.   

Осыған байланысты, шет елдерде мүлік пен ақша болған жағдайда, жария етудің қарапайым, қолжетімді тәртіптерін пайдалануға шақырамыз, өйткені айталған деректер Заңның ақиқаттығының көрсеткіші.

                                                                                               ШҚО бойынша МКД бас маманы

                                                                                                      Тұрлыбекова Асем Қадырқызы