Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 741 бабына сәйкес (одан әрі – ҚР ӘҚБтК) әкімшілік құқықбұзулық туралы іс бойынша іс жүргізуді құқықбұзушылық құрамы болмаған жағдайда бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуы тиіс.
Әкімшілік құқықбұзушылық құрамын объект, объективті жақ, субъект, субъективтік жақ құрайды.
Субъективтік жақ кінә күйінде орын алады. ҚР ӘҚБтК–нің 11 бабына сәйкес, жеке тұлға кінәсі анықталған құқықбұзушылықтар үшін ғана әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауаптылыққа әрекетті қасақана (ҚР ӘҚБтК 26 бабы) және абайсызда (ҚР ӘҚБтК 27 бабы) жасаған тұлға ғана кінәлі деп танылады.
Өз кезегінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу туралы Ереженің 2 тармағына сәйкес беріледі, Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау және әлеуметтік қамту Министрлігінің 2015 жылығ 31 наурызда қабылданған №183 бұйрығына сәйкес (одан әрі - Ереже) уақытша еңбекке жарамсыздықтың астарында - адам организмінің сырқаттануымен немесе жарақаттануымен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамсыздылығын қалпына келтіру немесе мүгедектілікті белгілеуге қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесуі түсініледі.
Сөйтіп, құқықбұзушылық сәтінде медициналық мекемемен куәландырылған уақытша еңбекке жарамсыздықтың орын алуы, кінәлі құқықбұзушылықты жасауды болдырмайды, ал ол өз кезегінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамын құрамайды.
Бекітілген Ережеге сәйкес, уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарға Ережемен көзделген, жағдайда белгіленген нысанда берілетін, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы не болмаса уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы жатады.
Тәжірибеде салықтөлеушімен мемлекеттік кірістер органдарына салықтық міндеттерін уақтылы орындауға кедергі келтірудің дәлелі ретінде, медициналық мекемелермен әртүрлі түрдегі анықтамалардың ұсынылуы орын алған.
Алайда Ереженің 4 тармағына сәйкес, уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын анықтама ретінде 094у нысанындағы «Мас болу немесе ішімдікке салыну нәтижесінде туындаған аурулардың салдарында уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты анықтама» жатады, сондай-ақ 095у нысанындағы «Кәсіби-техникалық училищеде, колледже оқитын студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, мектепте оқитын, мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын баланың науқастығына байланысты (керектінің астын сызу) анықтамасы» жатады. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау министрінің міндеттерін атқарушының 2010 жылы 23 қарашадағы №907 «Денсаулықты сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту» бұйрығының өзге де нысандары көзделген.
Көзделген анықтамаларды беру Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау және әлеуметтік қамту Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Бұйрығына «Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекемелермен берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беруге» сәйкес, медициналық мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.
Сондай-ақ маңызды болып, уақытша еңбекке жарамсыздық мезгілі болып танылады, 15 тамызға дейін және есептілікті өткізу уақыты басталғанға дейін өткізілген уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты парақ, салықтық есептілікті тапсырмағандық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, мысалы, 5 тамыздан 13 тамызға дейін, мысалы: 16 тамыздан 20 тамызға дейін.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, Ережеде көзделген құжаттармен бекітілген, уақытша еңбекке жарамсыздық мезгілінде жасалған құқықбұзушылық үшін, тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамын құрамайды және оған қатысты ҚР ӘҚБтК 741 бабы 1 бөлімі 2 тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғауға жатпайды.