ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі экономикалық контрабанданың алдын алу мен ашу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Кедендік шекарада контрабанда, тауарларды заңсыз декларациялау фактілерін ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Экономикалық тергеу қызметкерлері Грифон ІІ халықаралық профилактикалық операциясына қатысты. Жуырда «Бақты» кеден бекетінде жолаушыларға кедендік бақылау шараларын жүргізу барысында Д. деген азаматта декларацияланбаған 25 блок Марльборо шылымдары табылды. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 551 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан басқа, Экономикалық тергеу қызметі ҚР мемлекеттік шекара есірткі құралдары мен прекурсорлардың заңсыз айналымын ашу мен алдын алуға бағытталған «Глобальный щит» және «Перевозчик» жедел-профилактикалық іс шараларына да белсене қатысуда.
Семей, Защита станцияларында желілік ішкі істер бөлімдерімен «Лениногорск-Томск», «Бішкек-Новокузнецк-Новосибирск», «Ташкент-Новосибирск», «Алматы-Новосибирск» бағыттарындағы халықаралық поездарда жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп отыр.
Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде экономикалық контрабанда және кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару фактілері бойынша - 16 материал бар. 5 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Мемлекетке келтірілген шығынның көлемі 103 млн.теңгені құраса, оның 85 млн.теңгесі өндірілініп алынды, 44 млн.теңгенің мүлкіне тоқтам салынды.
Мәселен, соттың үкімімен Семей қаласының азаматы К. «Вольво» автокөлігімен 44 млн. теңгенің контрабандалық тауарын енгізгені үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлгерінде айыппұл салынды. Контрабандалық жүк пен автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
Сонымен қатар Экономикалық тергеу қызметкерлері «Өскемен» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлерімен бірге қазақстан-қытай шекарасында орналасқан кеден бекеттерінен келетін жүктерді кедендік бақылау техникалық құралдарын пайдалану арқылы қарау тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
ШҚО бойынша МКД ақпараттарды есепке алу кітабында тіркелген материалдар бойынша экономикалық контрабанда болу каналдарының алдын алу мақсатында Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қатысты халықтық тұтыну тауарлары тиелген 20-дан артық автокөлік тексерілді.
Мәселен, Экономикалық тергеу қызметі жуырда КХР келген ірі көлемдегі 2 контрабандалық жүк тиелген автокөлікті ұстады.
Семей қаласында орналасқан уақытша сақтау қоймасында фургондарды қарау барысында, автокөліктегі тауарлар мен кеден декларациясындағы тауарлардың сәйкес еместігі анықталды. Ірі көлемдегі түрлі аяқ киімдер – етіктер, спорттық аяқ киімдер табылды. Ал кедендік декларацияда аяқ киімнің бөлшектері, яғни ұлтарақ, өкше т.б. ретінде көрсетілгені анықталды. Контрабандалық жүк алматылық фирмаға тиесілі болып шықты. КХР әкелінген контрабандалық жүктің құны 12 миллион теңгеден артық соманы құрап отыр.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 234 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.
Облыс тұрғындарын экономикалық контрабанда үшін Қазақстан Рсепубликасы Қылмыстық кодексінің 234 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және бұл үшін мүлкін тәркілеумен 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескертеміз.
ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі