Date of publication: 03.10.2016 17:47
Date of changing: 21.10.2019 15:35

1990 жылдан бастап қарттар күні мейрамын жыл сайын 1-қазанда атап өтеді. Қарттар күнін атап өту - егде тартқан адамдарға көңіл бөліп, өмір ағысына қарай қоғамдық мәдени-шараларға қатысуына ықпал етіп көңілдерін көтеру.

Шығыс Казақстан обласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 30-қыркүйегінде қарттар күніне арналған мерекелік жиын  ұйымдастырылды, оған 140 адам қатысты.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әділбаев Қанат Серікқанұлы құттықтау сөзбен қарттарды құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егде тартқан адамдарға арнап мерекелік шаралар ұйымдастырылып, әндер айтылды.Концерттік программаға Семей қаласындағы қаржы колледжінің студенттері қатысты, «Семсер» вокальды-инструменталдық тобы, жеке нөмірде Сапарғалиев Қазбек, Мақсат Нұртас, бас маман Акимбаев Ерболат өз өнерлерін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік шара кезінде қарттарға арнап құттықтаулар арналып, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері атынан сыйлықтар таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік концерттің аяғы ақ дастарханға жайылған тәтті шайға ұласты.Дастархан үстінде көрсетіліп жатқан құрметке қарттар алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТВК-6 акпараттық құралдары арқылы өткізілген іс-шаралар көрсетіліп, еңбек ардагері Е.В.Исаханов және мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қ.Қ.Оспанов сұхбат берді.

 

Шығыс Казақстан обласы

бойынша мемлекеттік кірістер департаменті