Қазақстан - қытай шекарасында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – ШҚО бойынша МКД) «Бақты» халықаралық автомобильді өткізу пунктіне 2016 жылғы 23 қыркүйекте құрамында Партияларды бақылау департаментінің «Нур Отан» партиясының орталық аппаратының инспекторлары Р.С. Жуманов, А.Н.Сулейменов, «Нур Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.А. Светаш, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздің басқармасының инспектор-офицері Е.Н. Анайбеков болған жұмыс тобы барды.
Жұмыс тобында ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Е. Е. Сагитов, «Бақты» ШБО бастығы подполковник Р.А. Бегимов, «Бақты» кеден бекетінің басшысы К.Д. Ахетов, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Урджар ауданының Кәсіпкерлер палатасының директоры К.Т. Бапинов, ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасының басшысы Р.Н. Нұрлыбеков қатысты.
Шараның негізгі мақсаты кедендік әкімшілендіру саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүргізу болып табылды. Бұрынырақ жұмыс тобының өкілдерімен құрамында ҚР Парламенті Мажилісі депутаты «Нур Отан» партиясының орталық аппаратының жауапты қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдар, үкіметтік емес ұйымдар құрамында Манғыстау, Алматы облыстарында осындай бақылау жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысынан кейін осы жұмыстар Оңтүстік Қазақстан облысында жалғасты.
Ресми сапар барысында «Бақты» өткізу бекетінің қызметімен, материалды-техникалық қамтылуымен танысты, сондай-ақ, кеден бекетінде мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылатын кедендік бақылаудың негізгі техникалық құралдарымен танысты.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, кедендік тасымалдаушылармен, кедендік өкілдермен «дөңгелек стол» ұйымдастырылған, оның барысында кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнестің кездесетін негізгі мәселелік сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылда Астана қаласында құрамына Қазақстан Республикасының көрнекті саяси қатысушылары, «Нур Отан» Партиясының, Кәсіпкерлер ұлттық палатасы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кірген «Кедендік әкімшілендіру саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау нәтижелерін қарастыру бойынша кеңес» отырысы тағайындалған.
Отырыстың нәтижесі бойынша кедендік әкімшілендіруді жеңілдету, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың құраушыларын максималды жою жөнінде ұсыныстар енгізу және қызметтік шаралар қолдану жоспарланған.
ШҚО бойынша МКД