Қазақстан Республикасының кеден органдарының және басқа да ЕЭО мемлекеттерінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, өз құзыреттілігінің шегінде кедендік реттеу саласындағы тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтау және Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде (291-бап) және Кеден одағының Кеден кодексінде (193-бап) алдын ала кедендік декларациялауды қолданумен кеден рәсімдерді жеделдету мен мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік беретін құқықтық механизімдер бекітілген.
Алдын ала кедендік декларациялау рәсімі декларантпен тауарларды кедендік рәсімдеу үшін қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда межелі кеден органына ұсынылғанға дейін тауарларды алдын ала кедендік декларациялау мүмкіндігін қарастырады.
Сонымен бірге кедендік баждар мен салықтар көлік құралдары мен тауарлардың шығуына дейін төленеді.
Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер қолданылады.
Егер кедендік мақсаттар үшін тауарларға ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттардың пайдаланылуы тиіс болса, кеден органы бұл құжаттардың декларант растаған көшірмелерін немесе осы құжаттар туралы мәліметтерді қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.
Алайда, тауарлар тіркелген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде алдын ала кедендік декларацияны қабылдаған кеден органына ұсынылмаса, онда мұндай декларация жойылады.
Егер бұрын мәлімделгеннен ерекше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштер өзгерген жағдайда (бұрынырақ тауарларға жөнелтпе құжаттардың көшірмелері негізінде ұсынылған), міндетті түрде құнның, санның немесе салмақтың өзгергенін растайтын құжаттар (сауда актілері, сауда-өнеркәсіптік палатасының актілері) табыс етіледі.
Егер тауарлар әкелгеннен кейін декларант бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштердің сәйкессіздігін тапса, тауарларды шығару туралы шешім қабылданғанға дейін декларант алдын ала кедендік декларациялауды кері қайтарып алуға құқылы.
Алдын ала кедендік декларациялау рәсімін пайдалану үшін кеден органының арнайы рұқсаты қажет емес.
Халықаралық стандарттар мен ҚР кеден заңнамалығындағы ережелерге сәйкес, аладын ала кедендік декларциялау рәсімін пайдаланумен өткізілетін тауарларға, тауарларды уақытша сақтау рәсімі қолданылмайтындығын белгілейтін ережелер нормасы қарастырылған.
Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау рәсімін қолданған кезде тауарлар декларацияларын толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 «Кедендік декларациялар мен кедендік декларациялардың нысандарын толтыру бойынша нұсқаулықтар туралы» Шешімімен регламенттелген.
Аталған рәсім Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттерімен кеңінен қолданылады. Мысалы, 2016 жылдың 8 айында «Майқапшағай» к/б алдын ала кедендік декларациялауды қолданумен «Ішкі қолданыс үшін шығару» тәртібі бойынша мәлімделген тауарлар декларациясының жалпы мөлшерінен 64,08% рәсімделді, «Бақты» кеден бекетінде осы көрсеткіш 94,24% құрап отыр.
Осы тәсілді қолдану сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына кедендік нысандылықты жеңілдетуге, кедендік тазарту уақытын қысқартуға, тауарларды сақтау шығынын азайтуға және сәйкесінше тауарлар мен өнімдердің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.