Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақ халқының ұлы мәдени дәстүріне арналған «Мәңгілік мұра» айында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және салық және кеден органдарының құрылғандығына 25 жыл толуына байланысты, 2016 жылдың 23 қыркүйегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің арасында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен көркем өнерпаздар байқауы өтті.
Байқауды Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Колмыкпаев Талгат Маратович ашты. Ол барлық келушілермен амандасып, аталған байқау орталық және аймақтық деңгейдегі қызметкерледі біріктіруге, отансүйгіштік пен рухани өсуге, жас қызметкерлер арасында жаңа таланттарды ашуға, Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен өнерін, отандық классиктер мен композиторларының шығармаларын насихаттау үшін ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. Облыс департаменті басшылығының және өз атынан байқау қатысушыларына табыс пен шығармашылық жетістіктерге жетулерін тіледі.
Қызметкерлер арасындағы көркем өнерпаздар байқауының бағдарламасында конкурсқа қатысушылар келесі жанрлар бойынша өнер көрсетті:
1) халықтық;
2) вокалдық;
3) би;
4) мәнерлеп оқу;
5) әзіл-сықақ.
Байқау халықтық ән мен билерден басталды. Конкурсқа қатысушылар әдемі костюмдарымен халық әндердін орындап, домбырада ойнады, өз шығармашылығындағы әндері айтылды.
Қатысушылардың вокалдары мен әсерлі билердің жарқын орындалуы көрермендер мен қазылар алқасын таң-тамаша етті. Мәнерлер оқу номинациясында өз шығармашылығындағы өлеңдер оқылды, ал әзіл-сықақ байқауы әзіл-сықақ көріністерімен қуантты.
Байқаудың жүлдегерлерін анықтау мен бағалауды конкурстық комиссия жүргізді (әрі қарай-Комиссия), оның құрамына әскери бөлімнің аға музыканты, аға нұсқаушы Нургалиева Сания Мейрамгалиевна, сертификатталған оқытушы, «Гайда» студиясының басшысы Айдарова Гульнара Хусаиновна, Департамент басшысы орынбасарының м.а. Колмыкпаев Талгат Маратович, түсіндіру басқармасының басшысы Дроздова Надежда Сергеевна, тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасының басшысы Демидович Вера Васильевна кірді.
Байқауды бағалау әр қайсысына үш жүлделі орынды тағайындаумен бес номинация бойынша өтті, сонымен қатар, бөлек «көрермендер көзайымы», «үздік патриоттық ән» номинациялары берілді.
Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталғаннан кейін, қазылар алқасымен би өнері, вокал мәселесі бойынша, сонымен бірге мәнерлеп оқу нақышы- жүрекпен оқу туралы ұсыныстар айтылды, жас қызметкерлер арасында байқауға қатысқан еңбек өтілдерімен бірқатар жекелеген қызметкерлер аталып өтті.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұйымдастыру-қаржы
басқармасының ұйымдастыру-қаржы
бөлімінің басшысы
Хасенова Салтанат Толепбергеновна