Date of publication: 19.09.2016 12:00
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістір басқармасымен ағымдағы жылдың 25 тамызында мүлікті және ақшаны жария ету бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Абдрахманов Солтанғазы Сатыбалдыұлы бүгінгі күні Әкімдіктегі комиссияға құндық бағасы 20 млн.теңгеден асатын 43 арыз түсіп, оның 27 бойынша оң шешім қабылданғаның мәлім етті.  Солтанғазы Сатыбалдыұлы, тіркелмеген мүлікті комиссияға жүгіну арқылы жария етудің ерекшелігі, бірнеше инстанцияларға жүгінудің болмауы және алым төлеу қажет еместігін мәлім етті.

"Біздермен жарнаны насихаттауда бұқаралық түсіндіру жұмыстары  белсенді жүргізілсе де, Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына шет елдегі мүлік пен ақшаны заңдастыруға жүгіну болмай тұр. Ал мемлекет өз тарапынан бізге мүмкіншілік беріп отыр. Осылайша, шет елдегі жылжымайтын мүлікті жария ету тәртібі жеңілдетілді - құндық бағаны енді жария ету субъектісі өзі белгілеп, содан 10%-дық алым төлейді; декларация қабылданды деп саналған соң, ақшаны банктік шоттан алып өз қалауы бойынша кез келген қажеттіліктерге жұмсай алады. Ең бастысы  сіздерге "қайдан келді?" деген сұрақ туындамайды. Сондай-ақ, кепілдіктер мен жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен бірге, жария ету субъектілерінің ыңғайлығы үшін "бір терезе" әдісі іске асырылды, ол арқылы азаматтар сәйкес декларация мен қарастырылған құжаттарды мемлекеттік кірістер органына бармай-ақ, банк арқылы жөңелтуге болады. Сондықтан шет елде мүлік пен ақша болған жағдайда жария етудің жеңілдетілген нормаларын барынша пайдаланған жөң. Осылайша Сіздер өз мүлкіңіз бен капиталыңызды қорғайсыз, сұрақтарсыз тыныш өмірді қамтамасыз етесіз.  Құпиялар қалайда ашылатындығын ұмытпаған абзал, бұған тек уақыт керек, өйткені таяу арада жалпыға ортақ декларациялау да жақындап келеді".

Брифингті қорытындылай келе: "Мүлік пен капиталды көлеңкелі экономикадан шығару, экономика тұрақтылығының және кез келген мемлекеттің дамуының негізгі көрсеткіші болып табылатындығын есте сақтау керек деп", Солтанғазы Сатыбалдыұлы  назар аударды.