Date of publication: 01.04.2022 08:58
Date of changing: 01.04.2022 09:01

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI Қазақстан Республикасының Заңымен Салық Кодексінің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда акцизделетін тауарлар тізбесіне 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы, экологиялық отын енгізілді.

Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, 172 және 394-баптарына, 464-бабының 2-тармағына, 465-бабының 6-тармағына, 469-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына, 480-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, "акциздік таңбалар" термині салық кодексінің барлық редакциясы бойынша "сәйкестендіру құралдары" терминіне ауыстырылды".

Салық кодексінің 172, 394, 463-баптарына, 467-бабының 1 және 2-тармақтарына, 475-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді).

Салық кодексінің 172-бабы, 475-бабының 4-тармағына алкоголь өнімін өндірушілер үшін акцизді төлеудің екі тәсілін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - есепке алу-бақылау таңбаларын (ЕБТ) алғанға дейін немесе оны тиеп жөнелткен күні Салық кодексінің 172-бабына сәйкес ЕБТ-ны нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс еткен кезде (2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданыста болады).

Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 12-жолы бойынша сыра қайнату өніміне акциздің мөлшерлемесі (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2203 00) литріне 57 теңгеден 79 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

"Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға акциздер мөлшерлемелер бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №155 қаулысымен акциздер мөлшерлемелерінің мөлшері өзгертілді, сондай-ақ акциздер мөлшерлемелерінің маусымдылығы алынып тасталды.

 

ҚҚС әкімшіліктендіру

Қазақстан Республикасының 10.12.2020 жылғы № 382-VI Заңымен Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына өзгеріс енгізілді, онда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қою үшін көзделген шекті мәнді 30 000-нан 20 000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін төмендету көзделген, бұл 61 260 0000 теңгені құрайды, 2022 жылға АЕК 3 063 теңгені құрайды.

 

МКД басшысының

орынбасары - Е.Жолдасбаев