
ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Пресс-релиз
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысында, ШҚО Үржар
ауданы, Семей, Өскемен қалалары бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларыңда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен салықтық әкімшілендіру қызметі бойынша баспасөз-турлар ұйымдастырылып, өткізілді.
Баспасөз-турларда келесі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «Усть-Каменогорск», «Регион Press», «Спектр», «Наше дело», «Уақыт- тынысы» газеттері, «ТВК-6», «Қазақстан-Семей» телеканалдары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының шегінде бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кірістер органдарының негізгі бағыттарын белгілеп, мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары салық төлеушілер мен журналистерді мемлекеттік кірістер органдарының құрылымымен таныстырды.
Аталған баспасөз-тур барысында ақпараттарды қабылдау, өңдеу және беру орталық жұмыстарын көрсетті, атап айтканда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «анықтамалық» модераторының тұрақты негізде енгізілгені туралы, бланктерді беруді жүзеге асыруда және өтініштерді, салық есептіліктерді толтыру үшін кеңес беретінін, «электронды кезек» жүйесін қалыптастырылғанын, салықтөлеушілерді уақытылы сапалы қызметпен қамтамасыз ететін, сонымен қатар салық есептілігі мен өтініштерді жіберу кезінде кеңес беріп, тәжірибелік көмек көрсету үшін «салықтөлеуші терминалы» жұмысының жүргізілуі көрсетілді.
Қатысушылар назарына Республикада мүлікті жария ету, «Чек талап етте – сыйлық ұтып ал!» акциялары, «Салықтөлеушілер үшін бірыңғай кеңес беру күні» туралы акция өткізу туралы, сонымен қатар салық заңдылығындағы өзгерістер туралы ақпараттарды мәлімдеді.
Сонымен қатар, журналистерді бақылау-кассалық машиналарын және POS-терминалдар қолдануда салықтық тексеру жүргізуге, салықтық рақымшылық бойынша сауалдар қызықтырды. Қойылған сауалдарға мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлерімен толық көлемде жауаптар берілді.
Шара соңында журналистер мемлекеттік кірістер органдарына әрі қарай ынтымақтастықпен жұмыстарын жандандырып, жетілдіре беруге тілектерін білдірді.