Шығыс Қазақстан обылысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2016 жылдың 15 қыркүйегінде салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қатысуымен «Электронды-шот фактураларды жазу бойынша жалпы мәселелер. Шетелдік қаржыландырудың мониторингі» тақырыбына ШҚО орта және шағын бизнесі қызметкерлерінің Кәсіподағы ғимаратында семинар – кеңес өткізілді. Қосымша және түзетілген шот-фактураларды жазып беру және электронды шот-фактуралардың мәселелері бойынша ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К.Сабралимова сөз сөйледі. Ол қатысушыларға 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) жұмыс істейтіндігін және жүйеде жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ тіркеу қажеттілігі туралы хабарлады. Электронды шот-фактураларды электронды түрде жазу кезіндегі артықшылықтарын қатысушылардың назарына жеткізді. Мысалы, ЭШФ шетел валютасында жазғызып алу мүмкіндігі, тауарлардың тіршілік кезеңін қарау мүмкіндігі, ЭШФ жазуын 15 күнге дейін мерзімін ұлғайту және т.б. ДСҰ мөлшерлемесі бойынша Қазақстан аумағына әкелінген тауарлар, тек қана қазақстан нарығының айналымына түсетіндігіне ерекше тоқталып өтті. Осыған байланысты, осындай тауарлар жекелеген кедендік декларациялармен рәсімделеді, ал ЭШФ кеден декларациясының нөмірі, тауардың реттік нөмірі, сонымен қатар кедендік баждың мөлшерлемесі көрсетіледі.
Әрі қарай баяндаушы өз сөзінде қосымша және түзетілген ЭШФ жазулары бойынша нормаларына толығырақ тоқталып өтті. Қандай жағдайларда салықтық есептілікке толықтырулар мен өзгерістер енгізу жүргізілетіндігін, қандай жағдайда қосымша ЭШФ жазылады, сонымен қатар, сипаттаманы және (немесе) қосымша, түзетілген ЭШФ алуды растаудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Электронды шот-фактураларды енгізу бойынша жиі қойылатын сұрақтарды және оларға берілетін жауаптар туралы айтып өтті.
Шетелдік қаржыландырудың мониторинг мәселесі бойынша ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы Н.А.Адыбаева сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында, қазіргі таңда шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық бақылау жүргізу мақсатында және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шегінде заңнамалық актілерге тиісті түзетулер, соның ішінде Салық кодексіне де енгізілгендігіне тоқталды. Өзгеріс енгізу туралы Заң ресми басылымдарда ағымдағы жылдың 10 тамызында жарияланған және 2016 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шетел көздерінен қаржыландаруды алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті ұсынуды, сонымен қатар салықтық тіркелімдерді құру және белгілі деректер базасын жүргізуді қарастыратын Салық кодексінің 14,20,77, 557 және 627-бабтарына түзетулер енгізілгендігін тыңдаушылардың назарына жеткізді.
Салық кодексінің 14-бабымен мәмле жасалғаннан күннен кейінгі келесі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде, жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік кірістер органдарына азаматтығы жоқ тұлғалардан, халықаралық және шетел ұйымдары, шетел мемлекеттерінен мүлік және ақшаларды алуға жатқызылатындығы туралы деректерді міндетті толтырумен хабарлама ұсыну қажетті және келесі мақсаттарға бағытталғандығын:
1. азаматтар мен ұйымдарды құқықтық ақпараттандыру, өкілеттік ету және мүддесін қорғау, сондай-ақ оларға заңдық кеңес беру;
2. социологиялық сұрастыру, қоғамдық пікірлерді сұрастыруды жүргізу және зерттеу (коммерциялық мақсаттағы қоғамдық пікірді зерттеу мен социологиялық сауалнама жүргізуді қоспағанда), сонымен қатар,олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;
3. аталған қызмет коммерциялық мақсатпен жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, ақпаратты жинақтау, талдау және таратату туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарына аталған ақшалардың және (немесе) басқа мүліктердің жұмсалғаны туралы мәлімет жіберу қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен қатар, жүзеге асырылып жатқан шаралар хабарламалық сипатқа ие және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттарды алу, шығындау рәсімдерінің тазалығын құруға, сонымен қатар, халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.
Мәжіліс барысында семинар-кеңес қатысушыларына қызықтырған мәселелер бойынша Салық кодексінің нормалары қосымша түсіндірілді.
Қатысушылар аталған бағыттар бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.