Date of publication: 14.09.2016 16:40
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының салық және кеден органдарының құрылғандығына 25 жыл толуына арналған бекітілген іс-шараларға байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен «Динамо» ДСҚ ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлескен мемлекеттік органдар мен күш-қуат құрылымдарының арасында шағын футбол бойынша жарыс ұйымдастырылды.                                             ШҚО бойынша МКД құрама командасына Департамент, Семей, Өскемен қалалары, Зырян және Глубокий аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерқатысты.                 Чемпионат 2016 жылдың 14-15 шілдесінде өтті. Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік органдардың 10 командасы қатысып, ШҚО бойынша МКД құрама командасы қажырлы күресте бірінші орынға ие болды.    

Біріншілік басталды! Бірінші кездесуде біздің команда Өскемен қ. ІІБ 4-2 шотымен жеңді. Екінші ойында біз МКҚБ командасымен кездестік, ойын қызық күрес үстінде өтті және ШҚО бойынша МКД пайдасына қарай 1-0 шотымен аяқталды. Үшінші кезеңде 2034 ә/б командасының принципшіл қарсыластарымен ойын өтті және ол жерде екі команда да ұтысқа жетуге ұмтылды, себебі жеңіс топтан шығуға мүмкіндік береді, әсте жеңіске деген ұмтылыс пен шеберлік ШҚО бойынша МКД командасының жағында болып көрсеткіш тақтасы 1-0  нәтижесін көрсетті. Топтағы келесі кездесу ШҚО бойынша МКД командасы үшін ештеңе шешпеді, өйткені бірінші орыннан топтан шығу қамтамасыз етілген болатын, қорытынды 27943 ә/б -ШҚО бойынша МКД 2-2.                                                                                 

Командалардың жартылай финалдағы кездесуі «айқұш-ұйқыш» қағидасы бойынша өтті, ол жерде бірінші топтың жеңімпазы екінші топтың екінші орынын иеленген командамен кездесті және керісінше. Жартылай финалға төрт команда шықты: ШҚО бойынша МКД- ШҚО бойынша СЖҚІҰБ және ШҚО бойынша ТЖД- ШҚО бойынша МКҚБ. ШҚО бойынша ТЖД командасы  пенальти (5-4) сериясында МКҚБ командасын жеңді, негізгі уақыт 3-3. Өз кезегінде біздің команда қажырлы күрестің арқасында   ШҚО бойынша СЖҚІҰБ мықты командасын 2-1 шотымен жеңді.                         

Финал, ауа температурасы +30 градус, күш таусылуға жақын. Сайыс тағы да ШҚО бойынша МКД мен ШҚО бойынша ТМЖ командаларын күрес алаңына шығарды (өткен жылы финалда тағы да осы екі команда кездескен, ол кезде жеңіс ШҚО бойынша ТМЖ командасында болды). Екі команда да жеңіске ниетті болды, себебі бас жүлдеге «Динамо» кубогы және чемпион атағы тұрды. Қажырлы күрес арқасында біздің команда өткен жылғы жеңіліс үшін реванш алды, қорытынды 3-0.                                                                  

ШҚО бойынша МКД чемпион!!!

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті