Кездесу өткізілді

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (кеден блогі) кеден өкілдері, уақытша сақтау қоймасы (УСҚ), кеден қоймасы (КҚ), өз тауарларын сақтау қоймасы (ӨТСҚ) иелерімен және СЭҚ қатысушыларымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алған кезде барлық артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен түсінік беру мақсатында семинар өткізілді.

Кездесуді Департамент басшысының орынбасары М.Қ. Кувандыков ашып, кездесудің мақсатымен және кеден өкілдері, УСҚ, КҚ, ӨТСҚ иелеріне кеден заңнамларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып өтті.

Кедендік бақылау басқармасының басшысы А.П.Пикалёв уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алған кезде, барлық артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен түсінік беріп өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берілді.

 Атырау облысы бойынша МКД

Жарияланған күні: 17.01.2017 16:50
Өзгертілген күні: 16.08.2017 14:42