Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сіздердің мәліметтеріңізге салық төлеушілерді жалған кәсіпорындар деп тану туралы Қазақстан Республикасының соттарымен сот актілері (шешімдер, үкімдер) шығарылғандығын жеткізеді.

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 257 бабының 3 тармағының 1) тармақшасындағы ережелерге сәйкес сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша ҚҚС сомасы есепке жатқызылмайды.

Одан басқа, Салық кодексінің 115 бабының тарқмашасының негізінде жоғары аталған жалған кәсіпорындармен іс-жүзінде жүргізілмеген жұмыстар (қызметтер, тауарлар) бойынша салық төлеушілердің шығындары есепке жатқызылмайды.

Сондай-ақ жалған ксәпорындар деп сот тәртібінде танылған салық төлеушілермен күмәнды мәмілелер жасаудан ескерту мақсатында www.kgd.gov.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында аталған салық төлеушілердің тізімі орналасқан.