Жарияланған күні: 06.01.2023 18:41
Өзгертілген күні: 09.01.2023 11:05

2023 жылғы 6 қаңтарда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Мұхамедқанапияұлы Татубаев Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманың нормалары» тақырыбында сөз сөйледі.

Облыс азаматтарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы барысында Ерік Татубаев 2022 жылғы 29 желтоқсанда Парламент Сенаты мақұлдаған «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының нормалары туралы баяндама жасады және аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 60 күнтізбелік  күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетінін атап өтті. Бұл дегеніміз, қарыздарын өтей алмайтын азаматтар 2023 жылдың наурыз айында банкроттыққа өтініш бере алады.

Сондай-ақ, ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары конференцияға қатысушылармен жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі жайлы, банкроттық рәсімдерінің үш түрі - соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы ақпаратпен бөлісті.

Ерік Татубаев конференцияны қорытындылай келе, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы қосымша ақпаратты 1414 (қосымша нөмір 3), 8-7232-701558 нөмірі немесе https://t.me/SalyqBot Telegram арнасы арқылы алуға болатынын атап өтті.

Толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады: https://fb.watch/hTFSJ3DVsK/?mibextid=vwxlGF.