Жарияланған күні: 10.02.2022 08:38
Өзгертілген күні: 10.02.2022 08:52

Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның әр түрлі себептері бар:  экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі және коронавирустық инфекция бойынша шектеулі карантиндік шаралардың енгізілуі.

Несие бюросының ақпаратына сәйкес бүгін 1 млн.-нан астам азаматтар несиелерді өтеу мерзімін бұзған. Бірқатар азаматтар коммуналдық төлемдерге қарыз (2,9 млн. адамда 20,5 млрд. теңге), салықтар бойынша (791,1 мың. адам 20,0 млрд. теңге), сондай-ақ 4 млрд. теңгеге 142 мың атқарушылық құжаттары борышкердің мүлкі болмағандықтан орындаусыз қайтарылған.

Бұл адамдардың төлем қабілетін қалпына келтіру қажет, сол үшін  азаматтардың банкроттығы механизмі ұынылып отыр.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 5 қаңтарындағы тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңды тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу бойынша жұмысты жандандырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев хабарлады.

Сондай-ақ спикер заң жобасына қатысты қазіргі жағдайды мәлімдеді:

- 20 қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

- 1 ақпанда Заң тұжырымдамасы мен Заң жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында орналастырылды;

- 3 ақпанда Тұжырымдама мен Заң жобасы Қоғамдық және Сараптамалық кеңестердің мүшелеріне жолданды;

- 4 ақпанда Заң жобасына Тұжырымдама заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды.

Әзірленіп жатқан заң жобасының маңыздылығын ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті барлық конструктивті ұсыныстарды қарауға дайын екенін жеткізді.