Жарияланған күні: 16.09.2020 10:14
Өзгертілген күні: 16.09.2020 10:18

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық жеңілдіктері

 

2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейін Салық кодексінің жаңа нормасы қолданылады, онда мемлекеттік емес БАҚ қызметкерлерін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтан босату қарастырылған.

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағы жаңа 51) тармақшамен толықтырылған, оған сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және:

      телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау жөніндегі қызметпен

      және (немесе)

      радио хабарларын таратумен

      және (немесе)

      газеттер, журналдар және (немесе) мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын салық төлеуші қызметкерінің кірістері алып тасталады.

Сондай-ақ, мұндай кірістер салық салу объектісінен  әлеуметтік салықпен алынып тасталады.

Осылайша, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және газеттер, журналдар және (немесе) мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын субъект қызметкерлерінің 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге есептелген табыстарына жеке табыс және әлеуметтік салықтар салынбайды.

Жеке табыс салығын артық ұстап қалу және салық төлеушіге салықты қайтару дерегі расталған жағдайда салық агентімен жеке тұлғалардың табысынан осындай салықты есептеу жүргізілген салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігі табыс етіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.

Осылайша, салықтың артық (қате) төленген сомасы пайда болған жағдайда,  салық агенті жеке табыс салығы бойынша жеке шотты жүргізу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына  "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен (№15 қосымша) бекітілген нысан бойынша салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті салық заңнамасына сәйкес қарау үшін береді.

Салықтық өтінішті "Салық төлеушінің кабинеті" (СТК) web–қосымшасы арқылы электронды түрде беруге болады.

Мемлекеттік кірістер органы салық агентіне жеке табыс салығын қайтарғаннан кейін, салық агенті мұндай салықты салық төлеуші – жеке тұлғаға қайтарады.