Жарияланған күні: 15.08.2019 17:17
Өзгертілген күні: 21.11.2019 17:56

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті егер қолма-қол ақша қаражатының  және (немесе) ақша құралдарының жалпы сомасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына  бір мезгілде әкелінген немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір мезгілде әкетілген кезде  жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органдарына ұсынған күні қолданыстағы  валюта бағамы бойынша 100 АҚШ долларына баламалы сомадан асса, қолма-қол ақша қаражатының  және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау қажеттілігі туралы хабарлайды.

Осы норма «Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау үшін құжаттарды ұсыну туралы» Еуразиялық экономикалық алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 Шешімімен қарастырылған.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзіндік құн нормалары төмендетілетіндігін ескертеміз, соның шегінде  жеке пайдалануға арналған тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтімдеріне жіберілетін және тасымалдаушы  жеткізетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен ЕАЭО кедендік аумағына әкелінеді. Жеке пайдалануға арналған әкелінетін тауарлардың құны 200 евроға дейін төмендейді, ал салмағы 31 кг және 1 күнтізбелік ай ішінде бір жеке тұлғаға еселігі өзгеріссіз қалдырылады.