Жарияланған күні: 18.01.2024 19:46
Өзгертілген күні: 18.01.2024 19:46

2024 жылғы 17 қаңтарда Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 3-кезеңге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, 250.00-нысандағы "жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы" декларацияны толтыру тәртібін жеткізді.

Конференция барысында шаруа қожалықтарының сұрақтарына жауаптар берілді.