Жарияланған күні: 05.03.2024 17:06
Өзгертілген күні: 05.03.2024 17:07

2024 жылғы 04 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан-Американдық еркін университетінің  профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар өткізді. Іс-шараға 80-нен астам оқытушы қатысты.

 Кездесу шеңберінде Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің басталғаны туралы, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.

Спикер мобильді аударымдарға жеке тоқталып, аталған тақырып аясындағы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» цифрлық сервистерінің, @SalyqBot чат-ботының артықшылықтары туралы жеткізді.

Қатысушылар барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.