Жарияланған күні: 11.04.2024 18:16
Өзгертілген күні: 11.04.2024 18:18

2024 жылғы 11 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 11 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша экология Департаментінің РММ алаңында "Жалпыға бірдей декларациялау, 270.00 СЕН түсіндіру" тақырыбында семинар өткізді. Семинар аясында Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Cейльханова қатысушыларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы, өзгерістерді ескере отырып, 270 СЕН нысандағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.

Сөз соңында ШҚО бойынша экология Департаментінің өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.