Жарияланған күні: 11.04.2024 17:40
Өзгертілген күні: 11.04.2024 17:51

2024 жылғы 11 сәуірда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депеартаменті жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында спикер жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері мен табыс ету тәсілдеріне тоқталды.

Сонымен қатар, спикер Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысандағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді, сондай - ақ мобильді аударымдар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шара соңында спикер конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.