Жарияланған күні: 18.01.2024 19:55
Өзгертілген күні: 18.01.2024 19:56

2024 жылғы 18 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Конференцияға 60-ден астам салық төлеуші қатысты.

ШҚО бойынша МКД, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы – Айтжанова Жанар Базарбаевна жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, табыс ету тәсілдерін белгілеп, Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді, сондай ақ мобильді аударма бойынша түсініктеме берді

 

Конференция барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.