Жарияланған күні: 28.02.2024 18:28
Өзгертілген күні: 28.02.2024 18:29

2024 жылғы 28 ақпанда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде  Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Конференция барысында спикер жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері, табыс ету тәсілдері, 250.00 нысандағы "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері" туралы декларацияны толтыру тәртібі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара соңында Басқарма өкілдері конференцияға қатысушыларды барлық сұрақтарына жауап берді.