Жарияланған күні: 22.02.2024 09:10
Өзгертілген күні: 22.02.2024 09:18

,

2024 жылғы 21 ақпанда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Конференция барысында спикер жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері, табыс ету тәсілдері, 250.00 нысандағы «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері» туралы декларацияны толтыру тәртібі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шара соңында Басқарма өкілдері конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.