Жарияланған күні: 13.09.2019 09:32
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:26

ShtrafKZBot ботына қосылу және жұмыс істеу жөнінде нұсқаулық

Мақсаты

1.   Айыппұлдар/салықтар/өсімпұлдар және т.б. бойынша берешектерді тексереді.

2. Айыппұлдар/салықтар/өсімпұлдар бойынша берешектердің пайда болуы/есептен шығарылуы/ұлғайтылуы туралы хабарлайды.

3.   Салықтар мен айыппұлдар берешектерін төлеу мүмкіндігін береді.

4. Сіздің тұрғылықты жеріңізден 1 шақырым радиуста криминогендік жағдайды тексереді.

Ботқа қосылу және жұмыс істеу

1.  «Telegram» мобильді қосымшасын google.play немесе app.store сайтынан жүктеп аламыз.

2.  «Telegram» мобильді қосымшасын орнатқаннан және тіркегеннен кейін іздеуден «Айыппұлдар мен салықтар» тереміз немесе https://t.me/ShtrafKZBot сілтемесіне өтеміз.

3. «Бастау» түймесін басқаннан кейін төмендегі суреттегідей боттың негізгі мәзірі пайда болады

 

photo_2019-08-23_12-05-38.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Боттың нұсқаулығына сәйкес мәтінді енгізу жолына ЖСН/БСН енгіземіз, орта есеппен бір ЖСН/БСН тексеру 2-4 минутты алады.

5. Тексеру аяқталғаннан кейін бот есеп жібереді, есеп PDF файлында да қол жетімді болады.

6. Бот салықтар/өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша берешектерге сіздің ЖСН-ді үнемі бақылап отырады, сізде жаңа берешектер пайда болысымен немесе сіздің берешегіңіз жойылғаннан кейін сіз боттан хабарлама аласыз.