Жарияланған күні: 01.02.2022 08:40
Өзгертілген күні: 01.02.2022 08:41

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 6 қаңтарда 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.
Бұл ретте 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңге келген шот-фактураларды жазып беру мерзімдерін (оның ішінде 2021 жылғы желтоқсанның соңына тура келетін айналымды жасау күндерін қоса алғанда) қағаз жүзінде жазып беруге болатын еді.

Осылайша, 2022 жылғы 19 қаңтарда төтенше жағдай мерзімі аяқталғанын, Интернет желісінің жұмысы тұрақтандырылғанын ескере отырып, жазып берілген шот-фактураларды ЭШФ ақпараттық жүйесіне 2022 жылғы 3 ақпаннан кешіктірмей енгізу қажет.

ЭШФ ақпараттық жүйесіне қағаз ЭШФ енгізу кезінде ЭШФ ақпараттық жүйесінің журналында «қағаз ШФ енгізу» тетігінің көмегімен ЭШФ жазып беру қажет екенін атап өткен жөн.