Жарияланған күні: 05.05.2023 16:51
Өзгертілген күні: 15.05.2023 16:20

2023 жылғы 04 мамыр Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілермен және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен «ТІЖ-ды рәсімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу ережелері» тақырыбында конференция өткізді.

Департамент қызметкерлерімен конференция қатысушыларына ТІЖ-ды рәсімдеу және ЭШФ жазып беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ тақырып аясында жиі қойылатын сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді.

ТІЖ-ды рәсімдеу, ЭШФ жазып беру бойынша бейнеконференциялар апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-де Zoom платформасы арқылы өткізіледі, конференцияның сәйкестендіргіш нөмірі: 5183700355, қосылу коды:123456.