Жарияланған күні: 06.01.2023 11:11
Өзгертілген күні: 06.01.2023 11:12

2023 жылғы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілермен және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен «ТІЖ-ды рәсімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу ережелері» тақырыбында конференция өткізді.

Департамент қызметкерлерімен конференция қатысушыларына ТІЖ-ды рәсімдеу және ЭШФ жазып беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ тақырып аясында жиі қойылатын сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді. 

ТІЖ-ды рәсімдеу, ЭШФ жазып беру бойынша бейнеконференциялар апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-де Zoom платформасы арқылы өткізіледі, конференцияның сәйкестендіргіш нөмірі: 5183700355, қосылу коды:123456.