Жарияланған күні: 03.02.2022 17:18
Өзгертілген күні: 03.02.2022 17:07

2022 жылғы 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілермен және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен "ZOOM" платформасы арқылы «ТІЖ-ды рәсімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу ережелері» тақырыбында конференция өткізді

Департамент қызметкерлерімен конференция қатысушыларына ТІЖ-ды рәсімдеу және ЭШФ жазып беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ тақырып аясында жиі қойылатын сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді. 

Қатысушылардың өтініші бойынша, конференция барысында қарастырылған, жиі қойылған сұрақ - жауаптардың қысқаша шолуын назарларыңызға ұсынамыз.

ТІЖ-ды рәсімдеу, ЭШФ жазып беру бойынша бейнеконференциялар апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-де өткізіледі, конференцияның сәйкестендіргіш нөмірі: 5183700355, қосылу коды:123456.