Жарияланған күні: 05.02.2024 18:05
Өзгертілген күні: 05.02.2024 18:06

Көлік министрлігі және «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірлесіп Теміржол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, бұл Қытай – Орталық Азия және Қытай-Еуропа маршруты бойынша теміржол көлігімен өткізілетін жүктер үшін транзиттік декларацияларды автоматты түрде беру және шығару болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Пилот кедендік рәсімдердің ашықтығына, жеделдетуге және оңайлатуға, сондай-ақ транзиттік маршруттар арқылы пойыздардың жүру процесін оңтайландыруға және жақсартуға бағытталған:

- өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау;

- транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару арқылы транзитті кедендік декларациялау процесін едәуір жеңілдетеді;

- бір контейнерлік поезды кедендік ресімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарту;

- құжаттардың қағаз жеткізгіштеріне белгі қоюды алып тастау және теміржол тасымалы кезінде электрондық құжат айналымына кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді.

Осылайша, мемлекеттің транзиттік әлеуеті артып, Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын күшейтуге жақындатады.