Жарияланған күні: 10.02.2022 08:06
Өзгертілген күні: 10.02.2022 08:21

"Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына сәйкес темекі өнімдерін таңбалау жүзеге асырылады.

Темекі бұйымдарын өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудада өткізушілер таңбаланған темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) тіркелуге міндетті.

Темекі өнімдерін алу және өткізу үшін темекі өнімдері өндірушілері, импортаушылар, көтерме және бөлшек саудада өткізушілер ТТҚ АЖ тіркелуі және темекі өнімдерін алған фактілерін растауы тиіс.

Алайда темекі өнімдерін сататын салық төлеушілердің барлығы бірдей ТТҚ АЖ тіркелген жоқ.

Осыған байланысты ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті темекі өнімдерінің айналымына қатысушыларға тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелу қажеттігін ескертеді.