Жарияланған күні: 07.02.2022 17:29
Өзгертілген күні: 07.02.2022 17:30

"Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес темекі өнімдерін таңбалау жүзеге асырылады.

Қағидалардың 46-тармағында темекі өнімдерін өткізу кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және темекі өнімдерін өткізу күнінен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) жібереді деп белгіленген.

Қағидалардың 48-тармағына сәйкес темекі өнімдерін қабылдауды (Растауды) айналымға қатысушы ЭЦҚ-мен қол қоятын және ТТҚ АЖ-ға берілетін тауарды іс жүзінде қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Қабылдау/беру актісі бойынша жүзеге асырады.

Алайда, темекі өнімдерінің айналымына қатысушылардың барлығы бірдей қабылдау/беру актілерін растауды жүзеге асыра бермейді.

Осыған байланысты ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ТТҚ АЖ - да қабылдау/беру актілерінің расталмауы, қағидаларды бұзу болып табылатынын еске салады.