Жарияланған күні: 25.03.2022 11:01
Өзгертілген күні: 25.03.2022 11:19

Ресей Федерациясынан тауарларды әкетуге уақытша тыйым салу Ресей Федерациясының Президентімен енгізілген.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы құжатқа сәйкес арнайы экономикалық шаралар енгізілген:

1) Ресей Федерациясы Үкіметімен айқындалған тізбелерге сәйкес өнімдер және (немесе) шикізаттарды Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге әкету және (немесе) Ресей Федерациясының аумағына әкелуге тыйым салу;

2) Ресей Федерациясы Үкіметімен белгіленген тізбеге сәйкес өнімдер мен (немесе) шикізаттарды Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге әкету және (немесе) Ресей Федерациясының аумағына әкелуге шектеу қою.

Шектеу шаралары мен тауарлардың атауы туралы толығырақ «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық қызмет саласында арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы» 2022 жылғы 8 наурыздағы №100 Жарлықта  Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы №311, 312 және 313 қаулыларында танысуға болады.