Жарияланған күні: 01.07.2019 14:35
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:35

 

Таратылатын резидент - заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің аудит қорытындысының нәтижесі бойынша қызметін тоқтату

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық Кодексінің 60 бабы «Салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент-заңды тұлғалардың және қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктер» бойынша резидент - заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер аудит қорытындысының нәтижесі бойынша қызметін тоқтата алатынын хабарлайды.

1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық кодексінде белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жасалған, салықтар бойынша аудит қорытындысы бар;

3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын не салық кодексінде белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде тұрмаған таратылатын резидент-заңды тұлғалардың және қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелер таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтар бойынша аудиттің тиісті қорытындысы салық төлеушіге табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауына жатады.

2. Резидент-заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін;

3) салықтар бойынша аудит қорытындысын;

4) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

3. Салық органы осы көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етіледі. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары салық төлеуші ұсынған түсініктермен келіспеген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, салықтық тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

Камералдық бақылау аяқталған кейін салықтық берешек болмаған жағдайларда таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына тарату балансын ұсынады және салық органы  әділет органдарына таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.

   Қызметі тоқтатылған дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі, Салық органы көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарады.

  Салық органы салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеудің (аударудың) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.

  Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

ШҚО бойынша МКД

Камералдық мониторинг басқармасы