Жарияланған күні: 13.03.2024 18:04
Өзгертілген күні: 13.03.2024 18:05

2024 жылғы 13 наурызда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қатар Шығыс Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасына қатысты.

Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге атсалысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына өз сұрақтарын қоюға және тегін құқықтық консультация алуға мүмкіндік берілді.

Акция аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері Глубокое ауданының Опытное поле ауылының 80-нен астам азаматына заң көмегін көрсетті. Азаматтардың ең көп өтініштері салық салу саласында келіп түсті.

Іс-шара барысында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, ұсыну тәртібін белгілеп, 250.00-нысандағы «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы» декларацияны толтыру тәртібін жеткізді.

Спикер мобилді аударымдар туралы, салықтық әкімшілендіру және «E-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мемлекеттік кірістер органдарының мобилді қосымшаларын, телеграммда жүзеге асырылған «SalyqBot» чат - ботын пайдалану мүмкіндіктері бойынша консультация берді, оның ішінде өтініштердің басым бөлігі Жалпыға бірдей декларациялау, арнайы салық режимдеріне және көлік құралдарының салығына қатысты түсті.