Жарияланған күні: 18.03.2024 18:11
Өзгертілген күні: 18.03.2024 18:12

2024 жылғы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жастардың салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі, Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының студенттерімен «Жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар аясындағы өзекті сұрақтар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараға 30-дан астам студент қатысты.

Кездесу шеңберінде Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің басталғаны туралы, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.

Спикер мобильді аударымдарға жеке тоқталып, аталған тақырып аясындағы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» цифрлық сервистерінің, @SalyqBot чат-ботының артықшылықтары туралы жеткізді.

Студенттер барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.