Жарияланған күні: 27.02.2024 17:40
Өзгертілген күні: 27.02.2024 17:41

2024 жылғы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жастардың салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Кеден ісі», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша білім алатын 1-4 курстың 70-тен астам студенті қатысты.

Кездесу шеңберінде Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің басталғаны туралы, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.

Спикер мобильді аударымдарға жеке тоқталып, аталған тақырып аясындағы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» цифрлық сервистерінің, @SalyqBot чат-ботының  артықшылықтары туралы жеткізді.

Студенттер барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.