Жарияланған күні: 20.02.2024 18:05
Өзгертілген күні: 20.02.2024 18:06

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне соттарда мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге қатысты келесіні түсіндіреді.

Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған талапкер (салық төлеуші) талап қою кезінде мемлекеттік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте кейінге қалдыру туралы шешімді сот органдары қабылдайды.
Кейінге қалдыруды ұсынудың ең ұзақ мерзімі - шешім қабылданған күннен бастап бір жыл.

Сонымен қатар талапкер (салық төлеуші) өз қалауы бойынша мемлекеттік бажды көрсетілген мерзімге дейін мерзімінен бұрын немесе ішінара төлей алады. Бұл ретте, қандай да бір өтеу кестесін жасау немесе қандай да бір кепілді қамтамасыз ету қажеттілігі қарастырылмаған.
Мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарғаннан кейін сот органдары мұндай ұйғарымның көшірмесін салық органдарына жібереді.

Уақытылы төлем жүргізілмеген жағдайда салық төлеушіде белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын бересі пайда болады.

Салық кодексінде бизнес субъектілері үшін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері көзделген, жеке тұлғалардың берешегі жеке тұлғалардан мүлік, жер немесе көлік салығы бойынша берешекті өндіріп алу сияқты атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алынады.