Жарияланған күні: 11.06.2019 17:07
Өзгертілген күні: 22.11.2019 13:59

                      Шығыста тағды да жеңімпаз!

Кезекті жүлде - – iPhone 7 «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының жеңімпазына берілді.

         11 маусымда смартфонды ШҚО Глубокое аулының тұрғыны Салтанатқа ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов және «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетингі департаментінің жетекші талдаушысы Никкель Татьяна табыстады.

«100 күн ішінде 100 смартфон!» осындай ұранмен «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы өтіп жатыр.

Акция кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акция ағымдағы жылдың 8 тамызына дейін жалғасатындығын естеріңізге саламыз. Сіздердің – iPhone 7 иегері болу мүмкіндіктеріңіз бар.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыстар басқармасы