Жарияланған күні: 05.04.2023 18:38
Өзгертілген күні: 05.04.2023 18:39

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2023 жылғы 30 наурызда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салық және кеден заңнамасы саласындағы мәселелерді тану " тақырыбында үздік сұхбат-бейнеролик конкурсының қорытындысы бойынша біздің өңірдің және елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының дарынды студенттерін марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға бағытталған жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды бекіту негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілікке тәрбиелеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және #BIRGEDAMYUSHIN (бірге даму үшін) балалар шығармашылығы конкурсын өткізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында өткізілді.

Конкурсқа Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ) және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттерінің 10 жұмысы ұсынылды.                                                Мемлекеттік кірістер органдарын салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен мәселелерді тануды қалыптастыру тақырыбын аша алған үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары  департамент дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.                                                             Байқау қорытындысы бойынша "ҚАЕУ" командасының 2-3 курс студенттері - Айша Кеңесханова, Григорий Нестеров, Виктория Кузнецова жеңімпаздар болып атанды, құрметті екінші орынды " ҚАЕУ" командасының 1-2 курс студенттері - Аян Дәурен, Гүлім Тұрсынханова, Алмас Елемес, Берік Сәрсеков иеленді, 3 орында Д. Серікбаев атындағы "ШҚТУ" командасының 2 курс студенті - Дарын Назарханов алды. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ 4 курс студенті Нұсқау Сағдат "Үздік жүргізуші" номинациясы бойынша марапатталды. "Кедендік әкімшілендірудің үздік өзекті бейнеролигі" номинациясы бойынша ҚАЕУ – нің 1-2-4 курс студенттері-Асыл Рамазанов, Никита Бастаногов, Артемий Поспелов, Анастасия Ершова, Михаил Бугаев, "Үздік біртума сценарий" номинациясы бойынша ҚАЕУ 2 – 3 курс студенттері - Әсем Ескермесова, Берік Сәрсеков, Бекжан Бақытбекұлы үздік деп танылды. "Ең креативті интервьюер" номинациясында қазылар алқасының таңдауы бойынша Д.Серікбаева ШҚТУ-дың 2 курс студенті -Данил Мусихин анықталды. "Үздік ашық диалог" номинациясында 2 курс студенттері-Виктория Кузнецова, Камила Скакова көзге түсті. "Үздік үгіт сұхбаты" марапаты  Д. Серікбаев атындағы  ШҚТУ-дың 2 курс студенттері - Мөлдір Тұрсынғали, Анель Маутканға берілді. "ҚАЕУ Жоғары колледжі" командасының 2 курс студенттері "Үздік ақпараттық ролик" номинациясымен марапатталды.                                                                      Іс-шараны қорытындылай келе, ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Ерік Татубаев барлық жұмыстар керемет және бірінші орынға және ең жоғары мақтауға лайық екенін атап өтті, сондай-ақ байқау жеңімпаздарын жарқын жеңістерімен және лайықты марапаттарымен құттықтады. Ерік Мұхамедқанапияұлы студенттерге жаңа ғылыми жетістіктер, барлық конкурстар мен жарыстарда жеңістер тіледі. Сонымен қатар оқытушыларға конкурсқа қатысушыларды кәсіби даярлағаны, бейнероликтер мен сұхбаттар жобасын әзірлеуді жүзеге асыруға жәрдемдескені және қолдағаны үшін алғысын білдірді. "- Біз одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, кәсіби және мәдени байланыстарды дамытуға және нығайтуға қуаныштымыз!",- деп атап өтті ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары.

Іс-шара соңында студенттер байқауға қатысудан алған әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті және өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

https://youtu.be/UFqJwZ8VMK4