Жарияланған күні: 29.03.2024 17:05
Өзгертілген күні: 29.03.2024 17:15

2024 жылғы 28 наурызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚОФ алаңында 100 - ден астам салық төлеушінің, оның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдерінің, БАҚ, блогерлердің қатысуымен офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматтағы семинар өткізді.

Семинарды жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Гутова Татьяна ашты, ол өз сөзінде ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы айтты.

Жолаушылар кедендік декларациясын беру тәртібі туралы ШҚО бойынша МКД "Ауежай Өскемен" кеден бекетінің бас маманы Валерий Карпичко мәлімдеді.

Әрі қарай Департаменттің тәуекелдерді талдау және талдау басқармасының басшысы Кәрібаева Гүлмира нөлдік мәні бар кезекті салықтық есептілікті ұсынатын СТ әкімшілендіру туралы айтып берді.

Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралиева өз сөзінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша мәселелерді, оның ішінде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінің басталуы және мобильді аудармалар, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер, цифрлық жаңалықтар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Іс-шара соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ 250.00 нысанды декларацияны тапсыруға көмек жасалды.