Жарияланған күні: 26.01.2024 15:07
Өзгертілген күні: 26.01.2024 15:21

2024 жылғы 25 қаңтарда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚОФ алаңында 50 - ден астам салық төлеушінің, оның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматтағы семинар өткізді.

Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Айтжанова өз сөзінде 250 СЕН декларациясын тапсыру тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Спикер семинарға қатысушылардың назарына «Активтер мен міндеттемелер» туралы «кіріс» декларациясын толтыру кезіндегі шарттардың бірі 2023 жылғы 31 желтоқсандағы борыштар мен талаптарды көрсету болып табылатынын жеткізді. Яғни, азаматтар декларацияда өздерінің басқа жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы борыштарын көрсетуі тиіс, сондай-ақ басқа тұлғалардың осы жеке тұлғаға қайтаруға жататын борыштары да көрсетіледі.

Сондай-ақ, Жанар Базарбаевна «Мобильді аударымдар» тақырыбында сөз сөйледі, тексеру критерийлеріне қатарынан үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана кіретінін атап өтті.

Бұдан әрі Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Мұхтар Сабыржан Қазақстан Республикасының аумағында бақылау-кассалық машиналарды қолдануға қатысты өзекті мәселелерді атап өтті.

Іс-шара соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді.