Жарияланған күні: 24.01.2024 09:46
Өзгертілген күні: 24.01.2024 09:46

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды: Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде тыйым салынған қызмет түрлері бойынша

Салық кодексінің 683-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде тыйым салынған қызмет түрлерінен «шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды» қызметінің түрін алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізілді.