Жарияланған күні: 28.04.2022 18:04
Өзгертілген күні: 28.04.2022 18:04

«E-Salyq Business»-те кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу жүзеге асырылады. Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеу кезінде қиындықтарды болдырмайтын негізгі функционал.

Кәсіпкердің салық міндеттемелерін (Әлеуметтік салық, Жеке табыс салығы) есептеу қосымшада көрсетілген кірістер негізде жүргізіледі. Бұл ретте, әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін Кәсіпкер профилінде кірістердің мөлшерін көрсетеді.

Осы модуль азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады.

Есептелген міндеттемелерді кәсіпкер қосымшаның шет жағындағы мәзірінің «Салықтар» бөлігінде көре алады.

Төлеуге ыңғайлы болу үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде бірден салық төлеуге болады.