Жарияланған күні: 13.04.2022 08:27
Өзгертілген күні: 13.04.2022 08:28

2022 жылғы 8 сәуірде «AMANAT» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы алаңында ZOOM платформасы арқылы өңірдің кәсіпкерлері мен қоғамдық тамақтандыру саласындағы салалық қауымдастықтардың қатысуымен «Кәсіпкерлер мен қоғамдық тамақтандыру саласындағы салалық қауымдастықтар үшін салық заңнамасының нормаларын түсіндіру» тақырыбында онлайн - семинар өтті.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Гүлмира Сабралимова бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға қатысты салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын түсіндірді, қоғамдық тамақтану саласы үшін бөлшек салық режимінің жаңашылықтары мен қолданылу мерзімінің 2023 жылдан 2025 жылға дейін ұзартылғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап ҚҚС бойынша шектің төмендегенін және үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары, ЭШФ шығару және салық заңнамасына енгізілген  басқа да негізгі өзгерістерге тоқталып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кәсіпкерлерге Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын сандық жаңашылықтар туралы мәлімет берді: e - Sales Business – бұл қосымша бизнесті ұялы телефон арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

–  «e - Salyq Business» – мобильді қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер салық міндеттемелерін орындауды жеңілдете алады, - деп атап өтті Гүлмира Сабралимова.

Оны «Play Market», «App Store» және «App Gallery» сайттарынан жүктеп, 2023 жылға дейін салық төлеуден босауға болады.

Чат - бот –  @SalyqBot сілтемесі бойынша телеграмм арнасында іске қосылған сандық салық кеңесшісі, өзекті салық және кеден мәселелері бойынша халыққа жедел көмек көрсету үшін әзірленген.

Семинар барысында Гүлмира Сабралимова кәсіпкерлерден келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауап берді.