Жарияланған күні: 29.02.2024 08:51
Өзгертілген күні: 29.02.2024 08:53

2024 жылғы 27 ақпанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығының басшысы Гүлмира Сабралимова Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, жалпыға бірдей декларациялау, бөлшек салықтың арнаулы салық режимі, мобильді аударымдар» тақырыбында сөз сөйледі.

Облыс азаматтарымен және БАҚ өкірдерімен кездесу барысында Гүлмира Сабралимова 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы камералдық бақылау, жеке табыс салығы, мүліктік кіріс, мемлекеттік баж, цифрлық майнинг және т.б. бөлігіндегі негізгі өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісті.

Спикер «E-Salyq Вusiness» арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың артықшылықтарына баса назар аударды.

Баяндама жасау барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы жалпыға бірдей декларациялаудың шеңберінде 250, 270 СЕН салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдерімен таныстырып, мобильді аударымдарға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға тоқталды.

Сонымен қатар, Департамент өкілі 2024 жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалардың 2023 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатыны туралы салық төлеушілердің назарларына жеткізді. Автокөлік иелері төлем сомасын біліп, салықты «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Алдағы төлемдер» сервисі арқылы төлей алады. 

Брифинг соңында спикер БКМ-де уақытты 1 сағатқа ауыстыруға қатысты ақпаратпен бөлісіп, БАҚ-тың, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады:

https://www.facebook.com/rsk.vko/videos/956007796189525/?__tn__=%2CO-R