Жарияланған күні: 16.02.2022 09:54
Өзгертілген күні: 16.02.2022 09:55

Құрметті салық төлеушілер!

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы 15 ақпанда байланыс арналарына жүктеменің өсуіне байланысты «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар тіркелгенін хабарлайды.

Туындаған ақаулар шеңберінде «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасының жұмысқа қабілеттілігін жою және қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Осы ақаулардың болуына байланысты салық есептілігінің нысандарын ұсыну мерзімі 3 жұмыс күнге, яғни «2022 жылғы 18 ақпанды» қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.