Жарияланған күні: 06.02.2024 12:38
Өзгертілген күні: 06.02.2024 12:40

2019 жылғы наурыздан бастап Салық және кеден заңнамасы саласында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету мерзімдері туралы түсіндірмелер беру үшін Байланыс орталығы (1414) іске қосылды. Мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталықтары 2,3 млн. астам консультация берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Telegram-да «Salyqbot» цифрлық консультант іске қосылды, онда салық күнтізбесі, анықтамалықтар, калькулятор, сервистер, түрлі бейне сабақтар орналастырылған, пайдаланушыға есептілік пен салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламалар және өзге де хабарламалар келіп түседі.

«Salyqbot» чат-ботында: 109,5 мың пайдаланушы тіркелді, 44 мыңнан астам өтініш өңделді.

2023 жылдың қазан айында бейне байланыс арқылы консультация беру бойынша пилот іске қосылды. Пайдаланушылар саны – 343 салық төлеуші, оның ішінде шетелден: Ұлыбритания, Израиль, Германия және басқа елдерден 10 бейне қоңырау қабылданды. Жобаның артықшылықтары – бейне қоңырауды кез-келген қолданушы әлемнің кез-келген нүктесінен ақысыз жүзеге асыра алады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру және кері байланыс алу үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram,Telegram, Tiktok, Youtube, Twitter)  Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық бөлімшелердің ресми парақшалары жұмыс істейді.

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңіне байланысты халық арасындағы әлеуметтік шиеленіс фактілерін, сондай-ақ мобильді аудармаларды болдырмау мақсатында Комитет мәселелерді жедел шешу үшін Telegram-да чат құрды.

Тікелей эфирлер, бейнесабақтар мен постингтер түрінде халық үшін белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, офлайн, оның ішінде «Атамекен» ҰКП мен бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілуде.